Skip to content

ІС ШАРАЛАР

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЗЫҒҰРТТА 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Бүгін, Алғыс айту күніне орай тағы бір білім ордасы пайдалануға берілді. Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округі Майлы ошақ елді мекенінде Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты А.Байтұрсынов атындағы 300 орындық мектеп ашылды.

Оқушылар мен ұстаздар қауымына қуаныш сыйлады. Жаңа оқу орнының ашылу салтанатына БАҚ өкілдері арнайы баспасөз турымен барды.

Аталған іс- шараға аудан әкімі А. Исмаилов, білім бөлімінің басшысы Б.Абдиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл билері қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен және жаңа мектептің халық игілігіне берілуімен құттықтады.

Мектептің құрылысы республикалық бюджет есебінен 2021-2024 жылдар аралығында жүрген. Бүгінгі таңда 300 орындық мектепте 261 оқушы бір ауысымда білім алатын болады.

«Бүгінгі ашылып отырған мектеп толық заман талабына сай жабдықталған. Оқу ордасында физика, химия, биология, информатика кабинеттерінен басқа тігін шеберханасы, үлкен спорт залда волейбол, кіші футбол, теннис түрлерінен үйірмелер жұмыс жүргізуге жағдай жасалған.

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ 2 МЕКТЕП TALIS-2024 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ

“Білім беруді дамы орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі “Қазақстан республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Ахмет Байтұрсынов атындағы “Талдау” ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы” АҚ (бұдан әрі – Орталық) ұйымдастыруымен халықаралық TALIS-2024 зерттеуінің негізгі кезеңі өтуде.

TALIS – мұғалімдер жұмысын, жұмыс жағдайын және мектептегі білім беру ортасын бағалауға бағытталған ең ауқымды халықаралық зерттеу.

Зерттеудің мақсаты – сабақ беру мен оқытуға бағытталған нәтижелі білім беру саясатын қарастыруға және өзгертуге мүмкіндік беретін сенімді, мерзімді және салыстырмалы деректермен (индикаторлармен) қатысушы елдерді қамтамасыз ету болып табылады.

Зерттеуге мектеп директоры мен 5-9 сынаптарға сабақ беретін пән мұғалімдері қатысады.
Биылғы оқу жылында Қазығұрт ауданына қарасты екі білім беру ұйымдары ТALIS-2024 халықаралық зерттеуіне іріктелген. Олар: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі мен “Атбұлақ” жалпы білім беретін мектебі.

Аталған зерттеуге ағымдағы жылдың 01.03 күні таңғы сағат 09.00 де Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында директордың міндетін уақытша атқарушы А.Садықбекова мен 20 пән мұғалімдері, ал
сағат 15:00-де “Атбұлақ” жалпы білім беретін мектебінің базасында мектеп директоры Ғ.Омартай мен 20 пән мұғалімдері сауалнама толтыруға қатысты.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

2024 жылдың 28 ақпан күні Қазығұр ауданының білім бөліміне қарасты «1-Мамыр» жалпы білім беретін мектебінің базасында «Дене шынықтыру сабағында жаңа бағдарламаны пайдалана отырып, ойын әдіс-тәсілдері арқылы нәтижеге жеткізу» тақырыбында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған аудандық оқу әдістемелік семинары өткізілді.
Мақсаты: Дене шынықтыру сабағында жаңа бағдарламаны пайдалана отырып ойын әдістерін қолданудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын көрсету:
Семинарға білім бөлімінің әдіскері А.Оңғаров және мектеп директоры М.Байболатов ашып беріп сөз сөйледі. Семинарға ауданның білім мекемелерінен 72 дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты.
Ең алдымен семинарға келген қатысушыларды қарсы алып, мектептің тыныс тіршілігімен таныстырды.М.Байболатов пен Б.Мирзахметов «Дене шынықтыру пәнін жүргізудегі құжат түрлерін әзірлеу үлгілері» тақырыбында семинар сабақ өтті.
Сондай-ақ, «Футбол,допты фишка арасынан аяқпен алып жүру» тақырыбында К.Қалыбеков, К.Мирзахметов,Н.Сансызбай ашық сабақ өтті.
Семинар соңында А.Оңғаров семинардың өтілу барысына кері байланыс жасап, қорытындылап, пікір алмасып аяқтады.

«АУЫЛ ПЕРЗЕНТІ –ЕЛ МАҚТАНЫШЫ »

2024 жылдың ақпан айының 27 күні Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты «Қазығұрт» жалпы білім беретін мектебі» КММ- де «Ауыл перзенті –ел мақтанышы» тақырыбында ауылдан ұшқан түлектің бірі және бірегейі,осы ауылымыздың перзенті, ел мақтанышына айналған Қазақстан Республикасы Прокуратурасының және Мемлекеттік тергеу комитетінің Құрметті қызметкері болған, Түркістан облысының және Қазығұрт ауданының құрметті азаматы және «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, генерал-майор- Әбдіқадыр Кәрімұлымен кездесу кеші болып өтті.

«Адамды адам еткен -еңбек» деген ұлы даналарымыздың сөзінің астарында үлкен шындық жатқаны ақиқат. Еңбектің орнын алмастыра алатын бұл дүниеде құндылық жоқ екені де анық.

Әбдіқадыр Кәрімұлы – қаншама қажырлы еңбегінің арқасында еліміздің өсіп-өркендеуіне, әділетті қоғам қалыптастыруға қосқан үлесі зор тұлға.
Кездесудің мақсаты- өскелең жастарға,болашақ түлектерге Ә.Кәрімұлының шыққан биіктігі мен таңдаған мамандығының, жүрген сара жолының қыр-сырымен таныстыра отырып, сырлы сұқбат жасау.
Мамандық таңдауға дұрыс бағыт-бағдар беру.

Баспасөз қызмет

СЕМИНАР: «ТІЛ ОҚЫТАТЫН СЫНЫПТАРДА ТИІМДІ ӘДІС ТӘСІЛДЕР ҚОЛДАНУ»

2023 жылдың желтоқсан айының 22 күні Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты «Ащыбұлақ » жалпы білім беретін мектебінің базасында «Тіл оқытатын сыныптарда тиімді әдіс тәсілдер қолдану » тақырыбында ағылшын тілі пәнінен оқу әдістемелік семинар өтті

Семинардың мақсаты: Тіл үйретуде тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдарымен бөлісу, қуатты педагогикалық құралдарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану:
Семинарға білім бөлімінің әдіскері Г.Құралбаева және мектеп директоры Ә.Дүйсебекова ашып беріп сөз сөйледі.

Аудан мектептеріндегі ағылшын тілі пән мұғалімдері және бірлестік жетекшілер қатысты.

Ең алдымен қатысушыларды қарсы алып, мектептің тыныс тіршілігімен таныстырып,Г.Құралбаева ағылшын тілі бойынша жас мамандарға әдістемелік көмек берді.

Семинар барысында коучинг, ашық сабақтар және сыныптан тыс сабақтар өткізіліп, концерттік бағдарламамен аяқталды.

Семинар соңында Г.Құралбаева семинардың өтілу барысына кері байланыс жасап, қорытындылады.

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің баспасөз қызметі

ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ БАҒДАРЛАМАСЫНДА 6 СЕКЦИЯ ЖҰМЫС ЖАСАДЫ

2023 жылдың 8 қараша күні Қазығұрт ауданының білім бөлімінің басшысы Б.Абдиевтың және әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен
«Қарабау» ауыл округіне қарасты білім беру ұйымдарында Оқушылардың білім сапасын арттыру және шешу жолдарында педагогтерді әдістемелік қолдау мақсатында Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десанттың мақсаты: мектеп директорлары мен оқу орынбасарларына, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.

Әдістемелік десантқа келгендерге күннің бағдарламасы таныстырылып, әр секция жұмыстарының алдында «кіріс сауалнамасы» алынып, әдістемелік десант бағдарламасына сәйкес алты секция жұмыс жасады.

 Директор, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары секциясында әдістемелік кабинет меңгерушісі А. Шерова «Білім берудегі нормативтік-құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету», «Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру арқылы білім беру ұйымдарын дамыту», «Мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру жолдары», «Білімді ұлт» сапалы білім беру жобасының аясында инновациялық жобамен жұмыс жүргізу, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, сабақты тиімді жоспарлау, сабақты жоспарлау кезінде тиімді мақсат қою бойынша жұмыстар жүргізді.
 Химия және биология пәндерінің секциясында «Сабақты бақылау мен бағалауды тиімді жүргізу», «BilimLаnd» ресурстарын сабақта тиімді пайдалану ерекшеліктері тақырыбында тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
 Математика және физика секциясында «Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жүргізу», «Креативті ойлау функционалдық сауаттылықтың өзекті компоненті», «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» бойынша жұмыстар жүргізілді.

 Информатика секциясында «Цифрлық ресурстардың білім сапасын жақсартудағы маңыздылығы» бойынша шебер сынып өткізілді.

 Қазақ тілі мен әдебиеті секциясында «Мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіруінің тиімді жолы», «Білім сапасын анықтау және арттыру жолдарын меңгерту» бойынша жұмыстар жүргізілді.

 Бастауыш сыныптар секциясында «Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда – жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту», «Мектептердің бастауыш сынып бірлестік жетекшілерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру, білім беру процесінің сапасын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асыру» бойынша нормативтік құқықтық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

Әдістемелік десант соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды және «шығыс сауалнамасы жүргізілді.

Рефлексия бөлімінде кері байланыс беріліп, қатысушылар өздерінің әдістемелік қоржындарын қажетті дүниемен толықтырғанын айтып, алғыс білдірді.

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
« БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ»

2023 жылдың 08 желтоқсан күні Түркістан қаласы, М.Жумабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының базасында өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқауға 16 ауданнан 16 директор және директор орынбасарлары қатысты. Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Нахипов Нурдаулет Исмаилұлы қатысып, жүлделі I- орын иеленді. Республикаға жолдама алды.
Фестивальге Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Нахипов Нурдаулет Исмаилұлы қатысты.
Фестивальдің мақсаты- педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Фестивальдің міндеттері: педагогтердің кәсіби шеберлігін көтеру:

  • Білім беру кеңістігін ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру:
  • Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату:
  • Заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату:
  • Педагог мамандарының оң имиджін қалыптастыру:
    Нахипов Нурдаулет Исмаилұлын жеңісі мен құттықтаймыз!

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Ұстаздар күнін атап өту – 5 қазанға бекітілді. Бұл күн Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілген. Мереке ең асыл, жауапты әрі маңызды мамандық өкілдерін біріктіреді. «Мұғалімдер күні» мерекесіне ұйымдастырылған «ҰСТАЗЫМА МЫҢ АЛҒЫС» атты мерекелік іс-шара Қазығұрт аудан орталығындағы мәдениет сарайында өткізілді.

Мерекелік шараға Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмайлов, аудандық мәслихаттың төрағасы міндетін уақытша атқарушы Нұран Марат, аудандық білім саласының ардагерлер төрағасы Құрбанов Жүсіп Құрбанұлы, Қазығұрт ауданының білім бөлімінің басшысының уақытша міндетін атқарушы Мамытбаев Әмірхан Шаязалыұлы, Білім және ғылым қызметкерлері аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мусақұлов Скандар Төлендіұлы, «Әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының мүшесі Сарсенбаева Ұлбосын ұстаздар күніне орай мерекелік тілектерін айтты. Жиынға еңбек ардагерлері, мектептердегі кәсіподақ комитеті төрағалары, мектеп басшылары мен педагогтар қатысты.
Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған шараны аудан әкімі А.Исмайлов ашып, бірқатар білім саласында табанды еңбек еткен ұстаздарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Салтанатты жиын барысында білім беру саласына үздік ұстаз ретінде өз үлесін қосқаны үшін облыстық кәсіподақ комитетінің төс белгілері мен облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Ұстаздар күніне орай дайындалған ардагер ұстаздар мен түрлі сала басшыларының құттықтауы жазылған бейнеролик көрсетіліп, ұстаздар қауымына мың алғыс айтылды.
Сондай-ақ, «Нар Ұлан» фольклорлық ансамблі (Молдабайдың әні және Алтын бесік әні), Таңшолпан» халықтық би ансамблінің орындауында өзбек биі «Анджанская полька» биі, Нұрхан мен Жанияның «Қазақстан» әні, Искенова Жазираның «Таң сыры» әні, «Балауса» Халықтық би ансамблінің «Мереке» биі, «Өнер» мектебінің мұғалімі Наурызбаева Фарида шәкірті Есімхан Жәңгірханмен Александра Пахмутованың «Надежда», Мәдениет сарайының әншісі Тантабаева Мейрамкүл «Ұстазым» әндерін орындап салтантты жиынды аяқтады.

ҰСТАЗ БАРЫСЫ
Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы, Түркістан облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бірлесіп бекіткен, Түркістан облысы білім басқармасының 15.05.2023 жылғы №518 шығыс хаты және бекіткен ережеге сәйкес білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін мұғалімдер арасында 2023 жылдың 28 қыркүйек күні Қазығұрт елді мекеніндегі «Жеңіс» спорт кешенінде «Ұстаз Барысы» аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. Жарыс нәтижесінде:
55 кг салмақта:
І орын Наушабеков Нұрболат-Қ. Сатпаев ат. м/л.
ІІ орын Шынтаев Бағлан-Абай (Ж) жббм.
ІІІ орын Тасболатов Марат- Абай (Ж) жббм.
60 кг салмақта:
І орын Құрбанов Айдос-Қ. Сатпаев ат. м/л.
ІІ орын Смайл Ералхан-Абай (Ж) жббм.
ІІІ орын Далбай Қалаубай- М. Өтемісұлы ат жббм
66 кг салмақта:
І орын Анарбай Жасұлан-«Көкібел» жббм.
ІІ орын Байдуллаев Талғат-Қ. Сатпаев ат. м/л.
74 кг салмақта:
І орын Арапрбаев Нұрболат- С. Рахимов ат жббм.
ІІ орын Жақсылық Ернар-«Майбұлақ»- жббм.
ІІІ орын Жанысбаев Әскер- Жамбыл жббм
82 кг салмақта:
І орын Нұрлыбаев Медет- «Майбұлақ»- жббм.
ІІ орын шералиев Ерман-Абай (Ж) жббм.
ІІІ орын Беркінбаев Мақсат- «Қызылата» жббм.

90 кг салмақта:
І орын Жұмабаев Нұрлан-«Қызылата» жббм.
ІІ орын Әбітай Асқар-Дарын м/и.
ІІІ орын Әбдірайұлы Елдос- «Қызылата» жббм.
100 кг салмақта:
І орын Оралбаев Асылбек- Дарын м/и.
ІІ орын Алтынбеков Азамат- Абай (Ж) жббм
ІІІ орын Әсілхан Әлішер-Қ. Өміралиев ат. жббм
+100 кг салмақта:
І орын Жұмабай Айтжан- «Қызылата» жббм.Дарын м/и.
ІІ орын Елемес Тұрсын-«Жылыбұлақ» жббм
ІІІ орын Көккөзов Төлебай- Д. Қонаев ат. жббм

Түйе палуандар:
І орын Оралбаев Асылбек- Дарын м/и.
ІІ орын Нұрлыбаев Медет- «Майбұлақ»- жббм
ІІІ орын Елемес Тұрсын-«Жылыбұлақ» жббм

АҚЫНМЕН КЕЗДЕСУ

♻️ 2023 жылдың қазан айының 3 күні Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясының базасында Қазығұрттық ақын Қалдыбаев Біржан Қынашбекұлымен кездесу кеші өтті.

♻️ Кештің мақсаты: оқушыларды қазығұрттық ақын Қалдыбаев Біржан Қынашбекұлының шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.Оқушылар бойына рухани құндылықтарды сіңіру, ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

♻️ Өмірін өлеңмен өрнектеген ақын сүбелі сөздері мен ғибрат пен тағылымға толы өлеңдерін тыңдарман назарына ұсынды.

♻️ Кеш барысында қушылар ақынның жақсылық, достық, туған жер туралы өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқыды.
Оқырмандар қатары мынадай сұрақтар арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытты:
♻️« Біржан аға, сіздің қалам ұстап, шабыт тұлпарына мінуіңізге не түрткі болды?

  • Музыкаға жақынсыз ба, музыка аспабында ойнай аласыз ба?
  • Ақын болғысы келетін әрбір жас қай қырынан шыңдалуы қажет?
  • Бос уақытыңызда немен айналысатын едіңіз?
  • Ақын ретінде сізді көбіне не шабыттандырады?
  • Ұлтымыздың ұлттық құндылықтары туралы не айта аласыз?
  • Достықты қалай түсінесіз? т.б. » осы сұрақтар төңірегінде әңгімелей келе «Жігітке жеті өнер де аз демекші ақынның суырыпсалма ақын, домбыра шерту, ат құлағында ойнайтын шабандоз екендігін таныдық.;Ғибратты сөздерінен оқушылар өздеріне достық, құндылық, туған жерді қадірлеп, тілді құрметтеу жайында мол тәлім алып, тұшымды ой түйді.
  • Қазығұрт ауданының білім бөлімінің баспасөз қызметі

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖЕТІСТІК- САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты «Жылыбұлақ » жалпы білім беретін мектебінің базасында «Оқыту мен оқудағы жетістік- сапалы білім кепілі» тақырыбында өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық тәжірибелік семинары өтті.
Мақсаты: Мұғалімдерге оқыту мен оқудағы жетістік- сапалы білім кепілін қалыптастыру жолдарын тиімді әдіс- тәсілдер арқылы көрсету :
Күтілетін нәтиже: Бастауыш сыныптағы оқудағы жетістік- сапалы білім кепілі туралы ақпарат алады.
Семинарға білім бөлімінің әдіскері М.Әмірова, мектеп директоры К.Ауганбаев, мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Ұйымдастыру кезеңінде С.Турлыбаева мектеп тарихы жайында айтып өтті. Білім сапасын арттыруда нәтижеге бағытталған сабақтар: Э.Аренова «Адамның дене мүшелерінің қызметі» ,Н.Ибраков «Кітаптың шығу тарихы»,Ж.Исатаева «Түбірлес сөздер», А.Калымбетова «Шеберлер еліне саяхат»,Д.Султанбекова Оқушыларды әдіс- тәсілдері арқылы тіл байлығы мен ой-өрісін дамыту іс-тәжірибесімен бөлісті.Логикалық тапсырмалар арқылы сыни ойлау қабілеттерін дамыту арқылы тренинг өткізілді.
«Бастауыш сыныпта жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында А.Сыдықова мен Б.Берданова фасилитация алаңын өтті. М.Амирова Халықаралық зерттеулер нәтижесін атап өтіп, «Оқыту мен оқудағы жетістік- сапалы білім кепілі» тақырыбын жалпы қорытындылап семинарды аяқтады.

ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты М.Өтемісұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында «Этномәдениеттану шеңберінде оқушылардың музыкалық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты:Қазақ халқының ұлттық музыкасы мен этномәдениетінің ерекшелігін аша отырып оқушылардың музыкалық сауаттылығын арттыру:
Күтілетін нәтиже:Оқушылардың жалпы музыкалық сауаттылығы мен ұлттық музыка жайлы білімдері артады.Қазақ халқының этномәдениеті туралы ақпарат алады.
Семинарды білім бөлімінің әдіскері М.Амирова және мектеп директоры М.Тургымбаева ашып сөз сөйледі. Семинарға аудан мектептеріндегі музыка пәні мұғалімдері және мектеп ұжымы қатысты.
Ұйымдастыру кезеңінде: мектептегі ұлттық этномәдениет негізінде жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды.Этномәдениет пен халықтық дәстүр және музыка байланысында оқушыны тәрбиелеу:Эстетикалық тәрбиеге бағытталған сабақтар бойынша Г.Оразымбет «Халық музыкасының интерпретациясы » ашық сабақ өтті. «Мамандығым мақтанышым» десант сабақ , Ж.Салықбаева «Күй атасы – Құрманғазы» тақырыбында кіріктірілген сабақ өтті.
Фасилитациялық алаң: «Күзгі әуендер» музыкалық сазды бағдарламасы – музыкалық вернисаж (викториналық ойын) ,Ф.Абдезова симфониялық оркестр –тренинг жаттығу жасады.
«Этномәдениеттану шеңберінде оқушылардың музыкалық сауаттылығын арттыру» тақырыбында М.Амирова семинардың өтілу барысына нәтижелі кері байланыс жасап, семинарды қорытындылады.

БІЗДІҢ СУРЕТШІМІЗ ЖЕҢІМПАЗ!

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің “Қазығұрт аудандық оқушылар сарайы” КММ-нің Жігерген ауыл округі бойынша “Көркем сурет” үйірмесінің жетекшісі Ерзақ Алтынай апайымыздың шәкірті Сейдахан Кәусар “Алтын білім кілті” әдістемелік ғылыми – зерттеу орталығының қолдауымен Республика көлемінде ұйымдастырылған “Zeyindi bala” балалар журналының “Бояулар құпиясы” атты конкурсына бейнелеу және көркем еңбек бағыты бойынша қатысып, Бас жүлде иегері атанды!
⚜️ Білімді, өнерлі шәкірт дайындап еңбек етіп жүрген Ерзақ Алтынай апайымызға алғысымызды білдіреміз!
⚜️Еңбектеріңіз жана берсін дейміз!⚜️

«Діни экстримизм мен терроризм идеологиясынан балаларды қорғау және алдын алу кездесуі»


13.11.2023 жылы облыстық түсіндіру тобының мүшелері: облыстық дін істер басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Дүйсен Асқат Өмірзақұлы, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің ұйымдастырушы педагогы Досанбаева Зубайра, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің педагог-психологы Тұрсынбаева Айгүл және осы мектептің әлеуметтік педагогы Қалдыбаева Айнұр. Қазығұрт ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің әдіскері Б.Орынбаев және бөлімнің қызметкері А.Оразовтың қатысуымен бекітілген кесте бойынша Қазығұрт ауданы көлеміндегі барлық мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және педагог-психологтарымен кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында теолог маман Дүйсен Асқат Өмірзақұлы дәстүрлі емес діни ағымдар мен бірлестіктердің ұстанымды жақтаушыларының теріс пиғылдары мен мақсат мүдделерін мемлекетімізді жою, арандату екенін айта келе, оқушыларымыздың беймәлім жерлер, мешіттер және курстарға бармауларын ата-аналары басты назарға алуын жеткізді.
Жоғарғы сынып оқушыларымыздың діни білімді өз мемлекетіміздегі діни оқу орындарына барып оқуды, шет мемлекеттерге оқудың тиімсіз екенін ескертіп, түсіндіре келе, әсіресе шығыс мемлекеттері Сирия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ауғанстан, Түркия мемлекеттеріндегі саяси немесе діни қақтығыс тұрақты болып тұратынын ескеруді жан-жақты шынайы өмір мысалдарымен келтіріп, түсіндірілді. Әсіресе күдікті әрі белгісіз шет елдік исламдық сайттар мен уағызшыларды (ұстаздарды) тек ресми сайттарды (Муфтиат.кз, Ислам.кз) тыңдау кажет екенін ескертті.
Сондай-ақ басқа мемлекеттерден келген тәңіршілдердің еліміздегі жастарымызға насихаттап, арандатуға жол бермеуді, олардың уағыздары мен сайттарына оқушылардың және жастарымыздың кіруіне жол бермеуіне шақырды.

XVI ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ


♻️Бүгін Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтуде.
♻️Олимпиадаға Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты Тілектес жббм оқушысы Керімбек Ақерке , Т.Рысқұлов атындағы м/л оқушысы Ойрат Аружан , жалпы 2 оқушы қатысуда.

♻️Мақсаттары мен міндеттері:
орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
♻️жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
♻️тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

ОҚУШЫЛАРЫМЫЗҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕГЕ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН АЛУ ҮШІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ТІЗБЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСТЫҚ РӘСІМДІ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурс өткізуші: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту
басқармасы атынан басқарма басшысы Д.Болатханұлы.
Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстағы
жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға (2-6 жас – 8532 жаңа
орындарға) конкурс жариялайды.
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге
және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды
даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту
туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес 2023 жылдың
1-5 маусым аралығында (5 маусымды қоса алғанда) конкурстық құжаттарды
қабылдайды.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
жүзеге асырылады, мектепке дейінгі ұйым басшысы қол қойған және мөрмен
расталған құжаттарды Басқарманың Құжаттамалық қамтамасыз етудің
құрылымдық бөлімшесінің tapsyru@list.ru электрондық поштасына (келесі
деректемелерді көрсете отырып: ұйымның атауы, БСН, мекен-жайы,
телефоны) жіберіледі.
Электрондық форматта құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда,
көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым Басқармасының Құжаттамалық
қамтамасыз етудің құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚҚҚБ) мына
мекенжай бойынша қағаз жүзінде тапсырады: Түркестан қаласы, Жаңа қала,
160 квартал, 520 участок №28 мектеп-лицей базасы, фильтр кабинеті,
телефоны: 8 705 982 9098
Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша
конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы
қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды:
1) «Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Санитариялық қағидаларын бекіту
туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР
ДСМ-59 бұйрығына сәйкес жағдайларды;
2) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Төтенше жағдайлар
министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;
3) «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын
ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2021
жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды;
4) “Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы»
ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына
және «ҚР-ғы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы» ҚР-ның Заңына
сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда)
білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;
5) «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім
беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын
бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;
6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық
қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар
жасауды;
7) “Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту
туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы
13 шілдедегі № 338 бұйрығына және «Мемлекеттік білім беру ұйымдары
қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы
30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық
немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен
мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу
үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған
бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық
хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш
топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға
арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық
ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар
педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).
Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі конкурс өткізу туралы
хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күнін
құрайды:

  • құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1-5 маусым аралығында (3 жұмыс
    күні) жүргізіледі;
  • 2023 жылдың 6-12 маусым аралығында ұсынылған құжаттар
    Комиссиямен қаралады (5 жұмыс күн);
  • 2023 жылдың 13-19 маусым аралығында Комиссия мүшелері
    ұсынылған құжаттардың сәйкестігін анықтау үшін мектепке дейінгі ұйымдарға
    барады;
  • 2023 жылдың 20-22 маусым аралығында Қағидалардың талаптарына
    сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама Басқармасының ресми интернетресурсында орналастырылады.
    Комиссияның ұсынылған құжаттарды қарау рәсімі 2023 жылдың
    1 маусым айында Түркістан қаласы, Жаңа қаласы, Басқармалар үйінде (В корпус,
    2 қабат) ұйымдастырылады.

ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының 2023 жылдың 27 қаңтардағы №24 бұйрығына сәйкес, О.Жандосов атындағы жалпы орта мектебінің базасында 30 қаңтар күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі басталды.
Қазығұрт ауданы бойынша математика пәнінен 49 оқушы қатысуы қажет еді, 47 оқушы олимпиадаға қатысуда. “Жаңатірлік” жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Убайдулла Көбжан Шымкент қаласына ауысуына байланысты, “Еңбекші” жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тіллабек Жалғасбек денсаулығына байланысты олимпиадаға қатыса алмады. Олимпиада ережеге сәйкес өтуде.
Бүгін оқушылар математика және физика пәнінен білімін сынға салмақ. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ ӘДІСКЕРЛЕРІ ӨЗ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ.

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Бүгін, Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының және Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Білім мен инновация: білім беру процесіне жаңа көзқарас» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Қазығұрт ауданы Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейінің базасында өткізілген аталған ашық есік күніне жалпы аудан көлеміндегі педагогтар, басшылық қызметтегі мектеп директорлары мен оқу-тәрбие орынбасарлары, Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі және әдіскерлер қатысты.
Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А. Шерова, әдіскерлер
География пәндері бойынша Н. Абилов
информатика және BILIMLAND ресурстары бойынша Ж.Анарбаева,
әлеуметтік- педагогтар бойынша
М. Шертай.
физика секциясы бойынша Г.Нұрымбетова,
бастауыш сыныптар секциясы М.Амирова,
ағылшын тілінен Г.Құралбаева,
педагог-психологтар секциясына Э.Бекбавулова,
математика пәнінен Ұ. Тастанова,
тарих пәнінен А. Қазыханова,
қазақ тілінен А. Қалдыбаева,
орыс тілі пәнінен Л.Пардабаева,
дене тәрбиесі пәнінен А. Оңғаров,
тәрбие бойынша Б. Орынбаев, Қ.Сартбаев жетекшілік етті.
Ұстаздар әдістемелік тәжірибе алмасуға жоғары баға беріп, жаңашылдыққа бастайтын ашық есік күнін ай сайын өткізуді ұсынып, білікті ұстаздардың тәжірибелерін үйренетін керемет алаң екенін айтты.
Алдағы уақытта жоспарға сәйкес әдістемелік көмек беру жалғасын табатын болады.
Пән секциялары бойынша бөлімнің әлеуметтік желісінде тікелей эфир жүргізілді және zoom форматында онлайн өткізілді.
Іс-шараның ұйымдастыруға жетекшілік еткен әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Шерова және мектеп директоры А. Асқароваға, мектеп ұжымына алғыс білдіреміз.

“БАЛА -БІЗДІҢ ҚУАНЫШЫМЫЗ,ТІРЕГІМІЗ”

Бүгін Қазығұрт ауданының мәдениет сарайында “Балалар жылы” аяқталуына орай,”Бала-біздің қуанышымыз,тірегіміз ” атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға аудан әкімі А.Абдуллаев,аудандық мәслихат хатшысы Ө.Көпеев,ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Омаров және адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Уисимбаев сөз сөйлеп, мерекелік іс-шарамен құттықтады.

Мерекелік іс-шарада 2022 жылында республикалық,облыстық байқаулардан,олимпиадалардан және спорттық жарыстардан орын алған оқушылар және білім беру ұйымдары марапатталды.
Іс-шараға “Балауса” , “Жұлдыздар”, “Таңшолпан”, “Наз” бишілер тобы және Қ.Сатпаев атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Есімхан Жәңгірхан,”Жылыбұлақ “жоббм 9-сынып оқушысы Айтмырза Нұрбосын өнер көрсетті.
Мерекелік іс-шараның соңында “Елім менің ” әнімен аяқталды.