Skip to content

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, аудан әкімі Азизхан Исмаилов Сарапхана ауыл округі Майлыошақ елді мекені мен Қарабау ауыл округі Жұмысшы елді мекендерінде халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, көше жарығы, оқу ісі жөніндегі мәселелер, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу, жол кедергісін орнату және жер мәселелері төңірегінде сұрақтар мен өтініштер айтылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Азизхан Азимханұлы заң аясында толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтып өтті.
Аталған ауыл округі тұрғындары көкейлеріндегі барша сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алып, ауыл ақсақалдары аудан әкімі мен барша қызметкерлерге ел атынан алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *